"Оптимистік сценариймен келе жатырмыз". Цой үкіметте эпиджағдайды баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Оптимистік сценариймен келе жатырмыз". Цой үкіметте эпиджағдайды баяндады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында эпиджағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында эпиджағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Цойдың айтуынша, ел ауруханаларындағы төсек-орын 56 пайызға толып тұр. 

"Эпидахуалды бақылау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері "қызыл" аймақта. Түркістан облысынан басқа өңірлер "қызыл" аймақта. 3 тамыздағы жағдай бойынша, ауруханалардағы төсек-орынның 56 пайызға толып тұр. (...) "Қызыл-қоңыр" аймақта төрт өңір тұр: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды облыстары", - деді Цой Үкімет отырысында.

Министрдің сөзінше, Қазақстан бұған дейін жасалған болжам бойынша оптимистік сценариймен келе жатқанын атап өтті. 

"Тамыз-қыркүйекке эпидахуалға болжам жасауға сәйкес, біз оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз. Оптимистік сценарийдің алдағы дамуы карантин режимін сақтап, вакцинация қарқынын көбейтумен байланысты болады", - деді министр.     

Еске салайық, 3 тамыздағы жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны 595 433-ке жетті. Оның ішінде, 489 135 адам аурудан айықса, 6 153 адам қайтыс болған. Екпе салу бойынша: Қазақстанда I компонентпен 5 480 094 адам, II компонентпен 3 941 941 вакцина салдырды. 

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 481.88   556.79   5.72 

 

Погода

Алматы
А
Алматы 8
Астана -3
Актау 7
Актобе 9
Атырау 12
Б
Балхаш 1
Ж
Жезказган 1
К
Караганда 1
Кокшетау 2
Костанай 9
Кызылорда -2
П
Павлодар 0
Петропавловск -2
С
Семей 5
Т
Талдыкорган 5
Тараз 15
Туркестан 4
У
Уральск -3
Усть-Каменогорск 14
Ш
Шымкент 0

 

Редакция Реклама
Социальные сети