Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың жартысына жуығы 30-ға толмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың жартысына жуығы 30-ға толмаған Фото ©Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың 40 пайызы 30 жасқа толмаған. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың 40 пайызы 30 жасқа толмаған. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елордада коронавирус жұқтырған 1686 науқас тіркелді. 835  науқас немесе 51 пайызы жазылды. Қалғаны карантинде, өкінішке қарай, бес адам қайтыс болды", - дейді Көлгінов.

Нұр-Сұлтан әкімі елордада COVID-19 жұқтырғандардың жасы туралы баяндады.

"Қазір күнделікті өсім статистикасы екіден төрт пайызға дейін. Науқас азаматтардың 40 пайызы 30 жасқа толмаған. Ал 35 пайызы 30-дан 50 жасқа дейінгі азаматтар. Яғни, осы статистикаға жүгінсек, коронавирус жас талғамайды. Вирустан бәріміз сақтануымыз керек. Сақтықта қорлық жоқ", - деді әкім.

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 481.88   556.79   5.72 

 

Погода

Алматы
А
Алматы 12
Астана -2
Актау 13
Актобе 9
Атырау 17
Б
Балхаш 8
Ж
Жезказган -1
К
Караганда 7
Кокшетау 4
Костанай 20
Кызылорда 3
П
Павлодар 4
Петропавловск 2
С
Семей 13
Т
Талдыкорган 15
Тараз 21
Туркестан 4
У
Уральск 1
Усть-Каменогорск 21
Ш
Шымкент 8

 

Редакция Реклама
Социальные сети